Анонс


«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің ұжымы Ғылым күнін атап өтті

Сәрсенбі, 12 Сәуір 2017 02:43
«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің ұжымы Ғылым күнін атап өтті KAZMUSEUM.KZ -  

Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Музейдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының өзекті мәселелері» тақырыбында 12 – сәуір ғылым қызметкерлері күніне орай дөңгелек үстел болып өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Дөңгелек үстел жұмысына «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі қызметкерлерімен бірге, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Археология ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкерлері PhD (философия докторы) Музаффар Гурсой, Сыздықов Бақдәулет, Н. Төреқұлов музейінің ғылыми қызметкері – Нышанбаева Роза, С. Ерубаев музейінің меңгерушісі – Бостанов Ақсүмбе, ғылыми қызметкер – С.Ниетбек қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Алғашқы сөз кезегін алған «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ж.Әубәкір барлық ғылым саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлерді, ғылыми қоғамды, төл мерекелерімен құттықтап, биік белестерге жетуге сәттілік пен шығармашылық табыстар тіледі.

Келесі кезекте қорық-музейдің кіші ғылыми қызметкері А.Орынбекова қорық-музейдің ғылыми-зерттеу бөлімінің тарихы, құрылымы, атқарып жатқан қызметтері, жеткен жетістіктерін таныстыратын қысқаша баяндама оқыды.

Дөңгелек үстел барысында, бүгінгі музейлерде ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілу барысы, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізумен байланысты келелі ойлар, зерттеулер жүргізудің әдіс-тәсілдері және музейлер мен ұрпақ тәрбиесін ұштастыруға байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, ескерткіштерді қорғау, сақтау, насихаттау жұмыстарын жүйелі жолға қоюдағы ғылымның орны сынды тақырыптар төңірегінде пікірлер айтылды.

               

2546 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper