Музей көпқабатты тұрғын үйдің астында орналасқан. Мамандардың айтуынша, сондағы құбырлардың бірі жарылған. Қазір арнайы құрылған комиссия апаттың себеп-салдарын анықтап, келтірілген шығын көлемін есептеп жатыр. Бүлінген картиналар арасында Карлагта болған суретшілердің де еңбектері бар. Қызметкерлер мұндай жағдай қайталанбау үшін музейді жеке ғимаратқа көшіруді сұрап отыр.
«Біз әлі де болса мәселенің шешімін табатындығына сенеміз. Бұл – уақытша қиындық. Ел мұрасы, рухани мұраны жергілікті басшылар да, Үкімет те назардан тыс қалдырмайды деген ойдамыз», -деді облыстық бейнелеу өнері музейі директорының орынбасары Темірғали Әшірбеков.