Анонс


Кейкі батырдың бас сүйегі Қазақстанға қашан қайтарылатыны белгілі болды

Сейсенбі, 06 Қыркүйек 2016 17:58
Кейкі батырдың бас сүйегі Қазақстанға қашан қайтарылатыны белгілі болды KAZMUSEUM.KZ -  

Санкт-Петербургтегі Кунсткамерада ондаған жылдар бойы сақталған Кейкі батырдың бассүйегі жуық арада Қазақстанға қайтарылады. Бұл туралы Мәскеуде ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның әріптесі, Ресейдің мәдениет министрі Владимир Мединскиймен өткен кездесуде белгілі болды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Қазақстандық тарихшылар Ресейдің антропология және этнография (Кунсткамера) музейіндегі Кейкі батырдың бассүйегімен қоса онда оның кем дегенде жеті қанаттасынының бассүйегі бар екенін анықтады. Олар ол бассүйектерді Қазақстанған кейінірек қайтаруды жоспарлап отыр. "Бассүйектердің қазақ ұлты мен Қазақстан тарихы үшін маңыздылығын ескере отырып, біз ғалымдарымызға тағы да осы бассүйектерді қайта қарап шығуды тапсырдық", - деді Мединский.

Өз кезегінде ҚР мәдениет және спорт министрі екі апта ішінде бассүйектердің Қазақстанға қайтарылатынын мәлімдеді. "Қазір венгр ғалымдарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ғалымдар бассүйек расында да Кейкі батырға тиесілі ме, жоқ па соны анықтау үшін ДНҚ сараптамаларын алып жатыр", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы

Еске салайық, осыған дейін Ресейдің антропология және этнография (Кунсткамера) музейінің әкімшілігі қазақтың Кейкі батыры мен Кенесары ханының бас сүйектерін қайтару мәселесіне орай ресми мәлімдеме жасаған болатын. 

 

Фото: yvision.kz 

4532 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper