Анонс


Татарлар қауымдастығының басшылығы Абай қорық-музейін тамашалады

Дүйсенбі, 09 Мамыр 2016 02:58
Татарлар қауымдастығының басшылығы Абай қорық-музейін тамашалады KAZMUSEUM.KZ -  

Дүниежүзілік татарлар қауымдастығының төрағасы Р.Закиров бастаған мәртебелі қонақтар Абай қорық-музейіне арнайы келіп, ұлы ақын рухына тағзым етті, деп хабарлады музей әкімішлігі kazmuseum.kz сайтына.  

Музей қонақтарын жетекші ғылыми қызметкер Ү.Ибраева қарсы алды. Экскурсия барысында «Абай дәуірі», «Үш қайнар бұлақ», «Абайдың ақындық айналасы» және Ахмет-Риза медресесімен танысты.

Музей қонақтары ақын сусындаған қайнар бұлақ – шығыс поэзиясы мен мәдениетін ашатын әдебиеттерге, «Жаз» бөліміндегі этнографиялық жәдігерлерге, мұрағат құжаттарына, фотосуреттерге, ескі медресе оқулықтарына аса қызығушылық білдірді.

Ахмет-Риза медресесіндегі «Ұлы тұлғалар және татар халқы» бөлімі арқылы Абай, Шәкәрім, М.Әуезов және татар халқы жайлы көптеген тың мәліметтер берілді.

Музейдің құрметті қонақтары Абайдың рухани мұрасын сақтап отырған ұжымға еңбектеріне шығармашылық табыс тілеп, зор алғыстарын білдірді.

 

2846 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper