Анонс


Ұлттық музейде Венгриядағы Холокост құрбандарын еске алу шарасы өтеді

Дүйсенбі, 18 Сәуір 2016 13:41
Ұлттық музейде Венгриядағы Холокост құрбандарын еске алу шарасы өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде сәуірдің 19-ында сағат 11.00-де Венгриядағы Холокост құрбандарын еске алу халықаралық күніне орай «ХХ ғасырдың ұмытылмаған тағдырлары» іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Мәскеу, Екатеринбург және Калининград қалаларында өткен көрме 30-40-жылдарғы оқиғалар себепті тағдырлары күрт өзгеріске ұшыраған венгерлік ғалымдардың, жазушылардың, актерлардың, спортшылардың, музыканттардың өмірбаянын ашып көрсетеді. Айталық, ұлы атом физиктері Эде Теллердің және Ено Вигнердің, голографияны ойлап табушы, физика бойынша Нобель сыйлығының иегері Денеш Габордың және ең алғашқы компьютердің негізін қалаған математик Янош Нейманның, криптон шамын жасаған Имре Бродидің және т.б. ғалымдардың ауыр тағдырларынан хабар беретін суреттер көпшілік назарына ұсынылады.

Көрмеге қойылған экспонаттар фашисттік диктатураны айыптай отырып, венгер халқының басынан өткен қасіреттерді ұмыттырмайды. Сол арқылы қатыгездікті жеңген жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттайды.

 

 

Журналистер назарына: Сағат 11.00- де дөңгелек үстел. Дөңгелек үстел аяқталған соң көрме өтеді.

Инстаграм: @kazmuseum.kz

 

3917 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper