Анонс


Қазақстан мен Ресей арасында ортақ музей кеңістігі құрылатын болады Таңдаулы

Сәрсенбі, 02 Желтоқсан 2015 11:15
Қазақстан мен Ресей арасында ортақ музей кеңістігі құрылатын болады KAZMUSEUM.KZ -  

Елімізде желтоқсанның бірінен бастап «Эрмитаж күндері» өтіп жатқаны белгілі. Мұндай шаралар екі ел арасындағы ортақ музей кеңістігін қалыптастыруға септігін тигізеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі. 

«Елдің жаңа мәдени кеңістігінің символдарының бірі ретінде ҚР Ұлттық музейі мәдениетаралық және музейаралық ынтымақтастығын дамыту жолындағы өз «100 нақты қадамын» Мемлекеттік Эрмитажбен ортақ жобадан бастап отыр. Бұл жоба «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» бағдарламасы және «Мәңгілік мұра» ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру аясында әлемнің үздік 30 мемлекеті қатарына қосылу үшін Елбасының мәдени өзгерістер сапасының жоғарылауы жөніндегі бастамаларына жауап бола алады. Сондай-ақ, екі ел арасындағы музей саласындағы ынтымақтастықты арттырып, музей кеңістігін құруға септігін тигізеді», - деді министр.
Сондай-ақ, жиынға қатысқан Эрмитаждың директоры Михайл Пиотровский бұдан былай Қазақстандағы «Эрмитаж күндері» екі жылда бір өткізіліп тұратынын атап өтті. 
«Біздің «Эрмитаж күндері» жаңа музей әлемінде Қазақстанда Тұңғыш Президент күні қарсаңында басталып отыр. Бұл жаңа жобаны жылдың соңына қалдырғанбыз. Қазақстанға есеп беру ретінде Эрмитаж жәдігрелері мен жаңа кітаптарды алып келдік. Сондай-ақ, біз кеше ҚР Президентімен келісімге келген болатынбыз. Енді бұл жоба жыл сайын болмаса да, екі жылда бір дәстүрлі түрде өтіп тұратын болады. Жалпы, біздің археологтармен қазақстандық мамандар тығыз байланыста. Ол музей саласын дамытуда үлкен рөл атқарады», - деді ол.

4599 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper