Анонс


Н.Назарбаев Эрмитаждың бас директорын қабылдады Таңдаулы

Сейсенбі, 01 Желтоқсан 2015 23:22
Н.Назарбаев Эрмитаждың бас директорын қабылдады KAZMUSEUM.KZ -  

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Мемлекеттік Эрмитажының бас директоры Михаил Пиотровскиймен кездесті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елбасы кездесу барысында М.Пиотровскийге Астанаға сапарлап келгені үшін алғыс айтты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Мемлекеттік Эрмитаж арасында ынтымақтастық орнатудың маңызды екенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев музейлердің тәжірибе алмасуы және жұмыс бабындағы тұрақты байланыстары Қазақстан мен Ресей халықтарының бай мәдени және тарихи мұраларын сақтау ісіне қомақты үлес қосуға мүмкіндік беретініне назар аударды.

М.Пиотровский өз кезегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде 1-2 желтоқсанда өтіп жатқан «Эрмитаж күндері» туралы әңгімеледі, сонымен қатар Мемлекет басшысына екі елдің мәдениетаралық ықпалдастығын дамытуға айрықша көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты. 

4517 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper