Анонс


Қазақ ғарышкерлері Ұлттық музейде кездесу өткізеді Таңдаулы

Сәрсенбі, 18 Қараша 2015 10:31
Қазақ ғарышкерлері Ұлттық музейде кездесу өткізеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу шарасы аясында «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 60 жыл толуына және Тәуелсіз Қазақстанның ғарышкерлеріне арналған «Жұлдызды жолдардың қаһармандары»  атты дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – «Байқоңыр» ғарыш айлағы негізінің қалануы тарихын және оның Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы жетістіктері мен даму келешегін, әлемдік ғарыш қоғамдастығына одан әрі ықпалдасуы мәселелерін және Мемлекет басшысының отандық космонавтиканың қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін талқылау.

Шараның құрметті қонақтары – тұңғыш қазақ ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» Тоқтар Әубәкіров, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы», «Ресей Батыры», Қазақстан Республикасы авиациясының генерал-лейтенанты Талғат Мұсабаев, әлемнің 545-ші ғарышкері, Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы», Қазақстан Республикасының ӘӘК полковнигі Айдын Айымбетов.

Кездесуге сондай-ақ, белгілі қоғам қайраткерлері, ұлттық ғарыш агенттігінің басшылары мен мамандары қатысады.

Дөңгелек үстел ҚР Ұлттық музейінің конференц-залында 2015 жылғы 19 қарашада сағат 11:00-де (холл, 1-қабат) өтеді. 

2552 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper