Анонс


Абай қорық-музейі интернет ресурстар арқылы қызмет көрсете бастады

Дүйсенбі, 16 Наурыз 2020 21:11
Абай қорық-музейі интернет ресурстар арқылы қызмет көрсете бастады KAZMUSEUM.KZ -  

COVID-2019 вирусының Қазақстан аумағында пайда болуы Қазақстан музейлерінің қызметіне де әсер етті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елде төтенше жағдай жариялауына байланысты музейлер халыққа қызмет көрсетуін уақытша тоқтатты. Осыған байланысты Абай қорық-музейі Қазақстанда алғашқы болып онлайн дәрістер, музей сайты арқылы 3D саяхаттар жасауды ұсынды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданының орталығындағы Абай атындағы мектеп-лицейінің ұжымы жаңадан ашылған Абайтану кабинеті мен ақын музейі арасындағы шығармашылық байланысты дамыту бағытында арнайы бейне-сабақ ұйымдастырды. Танымдық сабақ аясында Абай музейінің директоры Жандос Әубәкір мектеп оқушыларына Хакімнің өмірі, әдеби мұрасы және ақындық айналасы туралы мағлұматтар беріп, музей жұмысымен, құнды жәдігерлермен таныстырды. Алдағы уақытта елімізде жаңадан ашылып жатқан Абайтану кабинеттерімен танымдық бейне-сабақтар өткізу жұмыстары көзделіп отыр», - делінген музейдің фейсбуктегі ресми парақшасында.

Айта өтейік, қазіргі уақытта АҚШ, Еуропаның ірі музейлері де интернет ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы дәрістер, ойындар, 3D турлар ұйымдастыруды бастап кетті.

560 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper