Анонс


Ұлы Отан соғысының ардагері Алматыдағы музейде жеке көрмесін өткізеді

Бейсенбі, 19 Қаңтар 2017 03:22
Ұлы Отан соғысының ардагері Алматыдағы музейде жеке көрмесін өткізеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің Орталық көрме залында суретші және ғалым, биология ғылымының докторы, профессор, Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Иванович Ролдугинның жеке көрмесі ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты

Экспозицияға суретшінің 140 –тан  астам кескіндеме туындылары қойылады.

Иван Иванович Ролдугин   1926 жылғы 19 қаңтарда  Воронеж облысының Грязи қаласында дүниеге келген. Бала  кезінен сурет салуды ұнатқан И.Ролдугин соғыстың кеселінен өзінің суретші болу арманын орындай алмаса да, ғылыми зерттеу экспедицияларында ғажайып табиғат көріністерін, әр түрлі образдарды салып жүрген. Соғыс тақырыбына арналған эскиздері мен шағын суреттері де сақталған.

Суретшінің шығармашылығында суретшінің сүйікті қаласы Алматының көріністері орын алады. «Ескі жылыжай», «Алматы төңірегінде», «Ақсай шатқалы», «Есік өзенінің шатқалы», «Ботаника бағындағы емен саяжолы» картиналары соның айғағы.

И. Ролдугин  натюрморт жанрындағы  «Табиғат сыйы», «Жемістер»,  «Көкөністер» атты жұмыстарында оңтүстік Қазақстан өңірінің табиғатының байлығын көрсетеді. Экспозицияда гүлдер сериясын  да тамашалай аласыздар! 

Көрме 2017 жылғы  20 қаңтарында сағ. 16.00-де  (Желтоқсан көшесі, 137 үй) ашылады. 

2335 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper