Анонс


ҚР Әскери-тарихи музейіне жаңа басшы тағайындалды

Сейсенбі, 05 Шілде 2022 23:43
ҚР Әскери-тарихи музейіне жаңа басшы тағайындалды KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери-тарихи музейіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

 

ҚР Әскери-тарихи музейінің басшысы лауазымына Ләззат Тілеуғожақызы Әлжан тағайындалды.

Ләззат Тілеуғожақызы 1968 жылы 20 наурызда дүниеге келген.

Білімі жоғары, филолог.

Еңбек жолын педагогикалық қызметтен бастаған. Бұл саладағы еңбек өтілі 15 жылдан асады.

2002 жылдан бастап үздіксіз музей ісі бойынша қызмет етіп келеді. Әр жылдары Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану музейінде бөлім меңгерушісі, басшының міндетін атқарушы лауазымдарында болды.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Ұлттық музейінде аға ғылыми қызметкер лауазымында қызмет етті.

Салалық министрліктің, облыс әкімдерінің алғыс хаттары, құрмет грамоталары, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

1362 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper