Анонс


Түркістан облысында жаңа музей ашылды

Сәрсенбі, 29 Желтоқсан 2021 20:04
Түркістан облысында жаңа музей ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Түркістан облысы Сайрам ауданының орталығы Ақсукентте «Ардақты ана» музейі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Түркістан облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқараманың мәліметінше, музей аналарды ардақтауға, олардың ерен еңбектерін насихаттауға, Тәуелсіздіктің 30 жылдығында сан алуан салаларда жетістікке жеткен үлгілі аналарды құрметтеуге бағытталып ашылған.  

«Ардақты ана» музейі дизайнының авторы – Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі, педагогика ғылымдарының магистрі Талғат Адырбеков.

Музейдің ашылуына мемлекет және қоғам қайраткерлері, тарихи-мәдени мұра жанашырлары қатысқан.

1047 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper