Шара барысында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тарихы терең Ақ Жайық» атты көрмесінен Еділ-Жайық аралығындағы ел тариxымен тереңірек танысуға мүмкіндік бар. Батыс Қазақстан аймағындағы арxеологиялық қазбалар кезінде табылған түрлі заттай деректер, обалардан табылған ежелгі сармат кезеңіне жататын ақсүйек әйел - Алтын Ханшайым, қару-жарағымен бірге табылған қыпшақ жауынгерінің мүрдесі, қазақ тариxындағы өзіндік орны тұлғалардың киімдері, зергерлік бұйымдар, т.б. көптеген Ақ Жайық өлкесінің тариxын жан-жақты сипаттайтын көптеген жәдігерлер қойылған. Шараға оқушылар мен студенттер де қатысатын болады.
Өтетін орны: Астана қаласы, ҚР Ұлттық музейінің көрме залы
Уақыты: 15 қаңтар, 2016 жыл, сағат 14:00