Анонс


Ұлттық музей директорының орынбасары тағайындалды

Дүйсенбі, 04 Қыркүйек 2023 23:00
Ұлттық музей директорының орынбасары тағайындалды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының техникалық мәселелер бойынша орынбасары қызметіне Амалбек Өміртай тағайындалды, деп хабарлады Ұлттық музейдің баспасөз қызметі.

«Экономист, PhD Амалбек Дәркенұлы еңбек жолын 2017 жылы  ҚР Ұлттық экономика министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінде сарапшы болып бастаған.

Ол 2018-2019 жылдары Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар коледжі директорының ақпараттық технологиялар және ішкі бақылау мәселелері бойынша директор орынбасары, 2019-2020 жылдары «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Түркістан» АҚ-ның «Turkistan Invest» филиалы экспортты ілгерілету орталығының жетекшісі,  2020-2021 жылдары аралығында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы, сондай-ақ кейінгі жылдары Түркістан облысы мәслихатының VII шақырылымының депутаты, Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған», - делінген Ұлттық музейдің хабарламасында.

951 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper