Анонс


Түркі академиясы ISESCO-ға Бақылаушы мәртебесін алды

Жұма, 27 Қараша 2015 15:22
Түркі академиясы ISESCO-ға Бақылаушы мәртебесін алды KAZMUSEUM.KZ -  

Әзербайжан астанасы Бакуде өткен ISESCO Бас конференциясының ХІІ сессиясының ортақ шешімі бойынша Түркі академиясы халықаралық ұйымы ISESCO-ға Бақылаушы мәртебесін алды.

Айта кету керек, Түркі академиясы Ислам әлеміндегі ғылым мен мәдениетті үйлестіруге жауапты, 52 мүше мемлекетті біріктіретін Исламдық білім, ғылым және мәдениет ұйымына (ISESCO) бақылаушы мәртебесін алған алғашқы халықаралық ұйым.

Жалпы алғанда, бүгінгі күнде ISESCO-ға бақылаушы 3 мүше мемлекет бар: Солтүстік Кипр Түрік республикасы (2008), Тайланд Корольдігі (2007) және Ресей Федерациясы (2007).

Алпысқа жуық мемлекетті біріктіріп отырған Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы  ISESCO - ЮНЕСКО-ның исламдық аналогы саналады. Бұл ұйымның мақсаты – мұсылман мемлекеттері арасындағы ғылым, білім және мәдени салада ынтымақтастықты арттыру,  тиісті салалардың дамуына жәрдемдесу, исламдық мәдениет ескерткіштерін қорғау. 

2515 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper