Анонс


Ә.Қастеев атындағы Өнер музейіндегі көрме: Акварельдегі Қазақстан табиғаты

Жұма, 07 Маусым 2019 14:28
Ә.Қастеев атындағы Өнер музейіндегі көрме: Акварельдегі Қазақстан табиғаты KAZMUSEUM.KZ -  

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Дана Жүсіпованың «Шабыт» атты жеке көрмесі ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Экспозицияға суретшінің 26 кескіндемелік және акварельдік жұмысы қойылады.

Суретші шығармашылығының басты бағыты – пейзаж бен натюрморт. Дана Жүсіпова майлы бояуға қандай шебер болса, акварельге де сондай шебер.

Картиналары Қазақстанның сұлу табиғатынан, көбінесе біздің көз тоймас көрікті тауларымыздан алған әсерінің күшімен жазылған. «Лондон», «Милан», «Алма-Арасан шатқалы» (басты суретте – Ред.), «Самал жел», «Жұлдызды аспан», «Венеция», «Темза жағалауында», «Үлкен Алматы көлі», «Үлкен Алматы шыңы», «Лондондағы Әулие Павел соборы», «Тау таңы», «Көкжайлау» атты туындылары мен «Айылқияқтар» топтамасы суретші үшін оның шығармашылық жетістіктерінің көрінісі. Оның жұмыстары жеке коллекцияларда сақтаулы.

Көрме 2019 жылғы 11 маусым күні сағат 16.00-де ашылады.

 

2634 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper