Анонс


Оксфорд ғалымдары Қазақстан ескерткіштері жайлы кітап шығармақ

Сенбі, 05 Қыркүйек 2015 23:39
Оксфорд ғалымдары Қазақстан ескерткіштері жайлы кітап шығармақ KAZMUSEUM.KZ -  

Оксфорд университетінің ғалымдары Қазақстан аумағындағы ұлттық ескерткіштер жайлы кітап шығармақ, деп хабарлады 24kz тілшісі.  

Олар өздерінің жұмыстарын Ақмола облысындағы балбал тастарды зерттеуден бастады. 2 жылдан кейін бұл ескерткіштердің барлығы арнайы жинаққа енгізіледі. Шетелдік мамандар еліміздегі ескерткіштердің шығу тегін ғана емес, оларды ары қарай сақтап қалу тәсілдерін ойластырмақ. Осы жұмысқа халықаралық деңгейдегі зерттеу жұмысы атағын беру көзделген.

- Біздің зерттеу тәсілдеріміз қазақстандық ғалымдардікінен ерекшеленеді. Біз осы ескерткіштердің қоршаған ортасын зерттейміз. Бұрынғы қазақ халқының өзендер бойындағы орналасу тәртібін білгіміз келеді. Оны болашақта алғашқы күйінде сақтап қалу тәсілдерін анықтаймыз, - дейді Оксфорд университетінің профессоры Трой Стэрнберг. 

2560 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper