Анонс


Музейлік сауалнама: Ұлттық музейдің әлеуметтік зерттеулері

Бейсенбі, 22 Қараша 2018 22:12
Музейлік сауалнама: Ұлттық музейдің әлеуметтік зерттеулері KAZMUSEUM.KZ -  

Музей - адамдардың бос уақытын тиімді өткізетін демалыс орнына айналып,  инновациялық технология жағынан жылдам дамып келеді. Келушілерді қызықтыру үшін тақырыптық жобалар, жаңа дизайнерлік шешімдер, блокбастер-көрмелер пайда бола бастады. Музей жәдігерлеріне деген көзқарас өзгеріп, қазіргі уақытта экспонаттарды өздерін емес, олардың келушілерге қолжетімділігі, көрсету тәсілі өте маңызды.  Бүгінгі таңда музейлер қоғамда алатын өз орнын мен рөлін қайта қарастыруда. Музейлер адамдардың талап-тілектерін ескеріп, тарих пен мәдениетіміз туралы ақпарат беретін құндылықтармен интерактивті қарым-қатынас орнататын тиімді форматтар ойластыруда. Бұл жағдай жаңа қоғамның барлық қырларының жаһандануымен байланысты. 

Орталық Азиядағы ең жас және ең ірі Елордамыз Астана қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің мәліметтерін мысалға келтіре отырып, біз сіздерге музейдің «Ғылыми-әдістемелік» бөлімнің қызметкерлерімен 2018 жылдың шілде-тамыз аралығында жүргізілген cауалнама қорытындыларын ұсынамыз. Сауалнама Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне қонақ болып келген 208 адамға өткізілді.

Сауалнама мақсаты:

1. Адамдардың музейге келуінің басты мақсатын айқындау;

2. Музейдің жұмысын жақсарту үшін келушілердің талап-тілектерін есепке алу;

3. Келушілердің музейді көруге жұмсайтын уақытын анықтау;

4. Келушілерге ең қатты әсер қалдырған музейдің құнды жәдігерін анықтау.

 

Cауалнама 20-ға жуық сұрақтан тұрады. Төменде сауалнаманың ең маңызды сұрақтарының нәтижелері көрсетілген.

 Келушілердің музейді аралауға жұмсайтын уақыты:

 

Келушілердің Ұлттық музейден көргісі келетін әлем музейлері:

 

Келушілерге ең қатты әсер қалдырған  экспонат:

 

Келушілердің тілектері мен ұсыныстары:

v Қазақ халқының этнографиясы кеңірек насихатталсын;

v Қазақстан суретшілері мен мүсіншілерінің көрмелері жиі көрсетілсін;

v Музейде кітап дүкені ашылсын;

v Музей кешірек жабылса, жұмыстан кейін келу өте ыңғайлы;

v Балаларға ойнайтын бөлме болса екен;

v Шетелдік көрмелер көп болсын;

v Әлемдік музейлер тәжірибесіне сүйеніп, интерактивті экспозиция жасақталсын;

v Музейдің экспозициясы жаңартылсын;

v Музей залдарына Брайль шрифтімен  этикетаж орнатылсын.

Дәл осындай сауалнама нәтижелері музейдің дұрыс бағытта жұмыс жасауын анықтауға және жаңа мүмкіндіктеріне жол ашуға көмегін тигізері анық. Атап айтқанда, бұл көрсеткіштер музейге келушілердің біркелкі және бірбеткей екендігін байқатты. Ал, музей өз кезегінде бұл көрсеткіштерді есепке ала отырып - музейге тек жастар емес, ересек адамдар мен балалардың да келуіне және тек жақын достарымен емес, отбасы болып келулеріне бар мүмкіндіктерді ашуға тырысуы керек. Мысалы, музейде жаңаша инфрақұрылым жасақталса (балаларға арналған арнайы бөлмелер, ойын алаңдары, демалыс аймақтары, тамақ сататын аппараттар, кітап сататын дүкендер, 3D турлар) өздігінен ересек жастағы әйелдер мен ер азаматтар, балаларын бірге ерткен отбасылар да белсенді түрде келетіні айдан анық.

 

Б. Нұрғожина, А. Джанеева, Г. Ибраева,

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі,

Ғылыми-әдістемелік бөлімнің

«Археология және этнография» секторының

ғылыми қызметкерлері

 

4107 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper