Ашылу рәсіміне Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрайымы Күміс Сейітова және белгілі суретшілер, ардагерлер, қала жұртшылығы қатысты.
«Жаңа өнер кеңістігінің ерекшелігі – онда көрмелер де, авторлар мен суретшілермен түрлі кездесулер өтеді. Келушілер еліміздің және облыс суретшілерінің туындыларын тамашалай алады. Галерея рухани әрі шығармашылық дамудың орнына айналатынына сенімдімін», - деді СҚО әкімі.
Галереяның атауы СҚО-ғы 6 мың жыл бұрын жылқы алғаш рет қолға үйретілген «Ботай қонысы» бірегей археологиялық кешенімен байланыстырылды.