Анонс


Ұлттық музей директорының орынбасары тағайындалды

Сейсенбі, 28 Наурыз 2023 01:01
Ұлттық музей директорының орынбасары тағайындалды KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының бұйрығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары лауазымына Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ақмарал Ғосманқызы Ибраева тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Ақмарал Ғосманқызы Ибраева 1971 жылғы 18 мамырда дүниеге келген.

1988-1993 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде (қазіргі ҚазҰПУ) «тарих және қосымша құқық пәнінің оқытушысы» мамандағы бойынша оқыған;

1999 жылы «Қазақстан музей ісінің тарихы (1920-1940 жж.)» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған;

2010 жылы «Қазақстандағы музей ісі: қалыптасуы мен дамуының тарихи тәжірибесі (1831-2006 жж.)» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғаған.

Еңбек жолын Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің (қазіргі ҚазҰПУ) «Тарихнама және деректану» кафедрасында оқытушы болып бастап, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің ғылым және инновациялық мәселелер жөніндегі проректоры, ректордың кеңесшісі лауазымдарын атқарған.

Францияның Сарбонна, Ресейдің Санкт-Петербург Мемлекеттік университеті, Түркияның Мальтепе университеттерінде біліктілігін арттырған.

«ҚР Ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталған.

ҚР Президентінің Жарлығымен «Шапағат» медалі, «Құрмет» орденімен марапатталған.

4 монография, 7 том сериялы жинақ, 5 том ғылыми жинақ, 7 оқу-әдістемелік құрал және бірнеше ғылыми мақаланың авторы.

1520 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper