Анонс


Тарихи-танымдық альбом-жинақ жарық көрді

Сейсенбі, 17 Қаңтар 2017 01:19
Тарихи-танымдық альбом-жинақ жарық көрді KAZMUSEUM.KZ -  

«Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштер» атты жаңа деректі тарихи-танымдық альбом-жинақ жарық көрді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Аса құнды бұл анықтамалық жинақта Түркістан өңіріндегі археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған тарихи-мәдени, ортағасырлық сәулет-құрылыс және діни-рухани ескерткіштері мен ХІХ-ХХ ғғ. жеткен жаңа заман құрылыстары жайлы анықтамалық мағлұмат берілген. Жинақта ескерткіштің орналасқан жері, уақыты, типологиялық ерекшелігі, жер көлемі, ғылыми зерттелуі, қысқаша тарихы, қазіргі кезде пайдаланылуы және басқа да мәліметтерді қамтыған.

Тұңғыш рет «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі қызметкерлерінің еңбегімен жарық көрген атаулы жинақ, музей саласында, Түркістан өңірін танытуға зор үлес қосары сөзсіз әрі ғылыми ортадағы үлкен жаңалық болатыны айқын.

2793 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper