Анонс


Шыңғысхан атымен соғылған жалғыз динар көпшілік назарына ұсынылды

Сейсенбі, 12 Сәуір 2016 11:06
Шыңғысхан атымен соғылған жалғыз динар көпшілік назарына ұсынылды KAZMUSEUM.KZ -  

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен  алғаш рет археологиялық кезеңдерге бөлінген нумизматикалық «Оңтүстік тарихынан сыр шертетін тиындар»  тақырыбындағы көрме ашылды,  деп хабарлайды музейдің баспасөз қызметі.

Көрме негізінен үш бөлімнен тұрады:

  1. Ерте ортағасыр Шаш өлкесінде соғылған Соғды және түркі тиындары.
  2. Мұсылман нумизматикасы ІХ-ХІ ғғ. Саман және Қарахан әулеттерінің тұсында соғылған ақшалар.
  3. ХІІІ - ХІҮғғ. айналымда болған Хорезмшах Мұхаммед бин Текеш атымен соғылған және моңғол билігіне көшкеннен кейінгі ақша түрлері қамтылған.

Көрме жәдігерлерінің арасында Самарқанда Шыңғысхан атымен соғылған, типологиялық ерекшелігіне байланысты бүгінгі күнге дейін сақталып жеткен әлемдегі жалғыз дана динар да көпшілік назарына ұсынылды.

Көрмеге көпшілік зиялы қауым, Түркістан этнопедагогикалық колледжінің студентері, мектеп оқушылары және БАҚ өкілдері қатысты.

3092 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper