Анонс


«Асыл мұра» музейлік тарихи-тағылымдық жобасы (ВИДЕО)

Сейсенбі, 17 Наурыз 2020 22:11
«Асыл мұра» музейлік тарихи-тағылымдық жобасы (ВИДЕО) KAZMUSEUM.KZ -  

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі жергілікті «Qogam TV» телеарнасымен бірлесіп, «АСЫЛ МҰРА» тарихи-тағылымдық жобаны қолға алды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Музей қорындағы құнды экспонаттар коллекциясы және ұлттық мұра болып табылатын қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу бөлімі қызметкерлерінің бастамасымен Сыр жұртшылығы назарына ұсынылатын болады.


«АСЫЛ МҰРА» бағдарламасының алғашқы түсірілімі атадан балаға мирас болған зергерлік өнер және Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы әшекей бұйымдар коллекциясына арналды.

Музей қорында сақтаулы әр жәдігердің тарихынан, оқиғалық желісінен, жасалу технологиясынан, авторларынан мәлімет беру және қазақ ұлтының материалдық емес құндылықтары болып табылатын салт-дәстүрлерді насихаттауды мақсат еткен бағдарлама көрерменнің көзайымына айналады деген сенімдеміз.

 

 

712 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper