Анонс


Кейкі батырдың бас сүйегін зерттеген ғалымдар батырдың бет-кескінін толығымен анықтады (ФОТО)

Сейсенбі, 13 Желтоқсан 2016 19:35
Кейкі батырдың бас сүйегін зерттеген ғалымдар батырдың бет-кескінін толығымен анықтады (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Белгілі антрополог Андраш Жолт Биро аты аңызға айналған Кейкі батырдың бас сүйегін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Кейкі батырдың бас сүйегін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау желтоқсан айына белгіленген болатын.

Бүгін белгілі тарихшы Берік Әбдіғалиұлы өзінің facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Кейкі батырдың бас сүйегінің қалыпқа келтірілген эскизін жариялады.

Естеріңізге салайық, Кейкі батырдың бас сүйегі осы жылдың 13 қазанында Будапешт қаласына зерттеуге жіберіліп, кейіннен Алматыға жеткізілген болатын.

«Бұл жоба Алматыдағы Орталық музейге тиесілі. Біздің институтқа осы жобаны тапсырғаны біз үшін үлкен мақтаныш. Мажарстанда бас сүйекті зерттеуге арналған заманауи технология мен қалыпқа келтіруге маманданған ғалымдар бар», - дейді зерттеу жүргізген мажарлық ғалым Биро.

Оның айтуынша, Кейкі батырдың бас сүйегі қазақтардың басым көпшілігіне тән ортаазиялық топқа жататындығы анықталған.

4559 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper