Анонс


Отырар қорық-музейі қорын толықтырды

Сәрсенбі, 03 Маусым 2020 13:29
Отырар қорық-музейі қорын толықтырды KAZMUSEUM.KZ -  

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде қазіргі таңда 24000-нан астам музей заты бар. Музейде жылына екі рет сараптамалық жиналыс өтіп, музейлік заттарды арнайы тағайындалған комиссияның шешімінен музей қорына өткізіледі.

Биылғы бірінші сараптамалық жиналыста 100-ден астам археологиялық, этнографиялық музейлік заттар сарапқа салынып, оның 90-ға жуығы музей қорынан орын алатындығы анықталды.  Олардың қатарында Отырартөбе, Бесіншітөбе, Пышақшытөбе ескерткіштеріне қазба жұмыстары жүргізілген уақытта табылған 60-қа жуық археологиялық заттар мен этнографиялық экспедиция және музейде өткізілген «Музейге сый акциясы» аясында өңір тұрғындарының музейге табыстаған 30-ға жуық этнографиялық заттары бар.

1953 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper