Анонс


Конференция: «Хакім Абай мұрасы және музейтану мәселелері»

Сейсенбі, 06 Қазан 2020 15:46

«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және Абай музейінің 80 жылдық мерейтойына арналған 2020 жылы қараша айының 6 күні «Хакім Абай мұрасы және музейтану мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • Хакім Абай мұрасы ХХІ  ғасырда;
  • Абайтану: бүгіні мен ертеңі
  • Абай музейі және музейтану мәселелері; 

Конференция «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне өткізіледі.

(Конференция онлайн-форматта өткізілуі мүмкін)

 

Конференция тілі: қазақ, орыс, ағылшын

Конференцияға қатысу үшін баяндамаларды 2020жылдың 20 қазанға  дейін жіберу қажет.

Конференция жинағы электронды PDF форматта болады.

 

Баяндаманы рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

Баяндама қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады, формат А-4, көлемі 6-7 беттен аспауы шарт.  Үстіңгі, астыңғы жиектер – 2 см, оң жақ жиек – 2 см; сол жақ жиек – 3 см; шрифт - 14 кегль,  «Тіmes New Roman» гарнитурасында, мәтін аралық қашықтық 1,0 пт интервал. Беттің оң жақ үстінде қалыңдатылған әріппен автор туралы мәлімет беріледі: автордың аты-жөні, оның астында оқу немесе жұмыс орны, дәрежесі көрсетіледі. Содан бір аралықтан кейін бас әріптермен баяндаманың тақырыбы, одан бір аралықтан кейін мәтін берілуі керек.

  • Баяндама тақырыбы 12 сөзден аспауы тиіс;
  • Баяндама тақырыбы және аннотация негізгі мәтін алдында беріледі (қазақ, ағылшын)  (орыс, ағылшын);
  • Аннотациядан кейін 5 кілт сөз көрсетіледі;
  • Мақала мәтіні кілт сөздер соңында екі аралықтан кейін беріледі.

Сілтемелер мен әдебиеттер тізімін рәсімдеу:

Дереккөз сілтемесі төртбұрышты жақшада (мысалы: [2, 116 б.]), әдебиеттер тізімі мақала соңында әдебиеттерді қолдану реті бойынша орналастырылады. Пайдаланылған дереккөздер саны бесеуден кем болмауы тиіс. Беттерге нөмір қойылмайды.

Көрнекіліктер JPEG форматында, 300 dpi кем болмауы керек. Мақаланың мазмұндық сапасына автор жауап береді. Материалдаар ұқыпты тексерілген және баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптарға  сәйкес болуы керек.

Конференция тақырыбы мен баяндама рәсімдеудің талаптарына сәйкес келмейтін, сонымен қатар көрсетілген уақыттан кейін жіберілген материалдар жинаққа енгізілмейді. 

ҚАТЫСУШЫ ӨТІНІШІ

  1.  

Аты-жөні (толығымен)

 

  1.  

Мекеменің аты (толығымен)

 

  1.  

Баяндама (мақала) тақырыбы

 

  1.  

Қызметі (толығымен)

 

  1.  

Ғылыми дәрежесі

 

  1.  

Облыс, қала, аудан, ауыл

 

  1.  

Секция

 

  1.  

Байланыс мәліметтері (мекен-жайы, телефон)

 

  1.  

Е-mail

 

 Ескерту: өзгертулер мен толықтырулар (қажеттілік болған жағдайда) туралы қосымша хабарландырылады.

Ұйымдастыру алқасының мекен жайы:

 - ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29;

Өткізілетін іс-шараға байланысты туындайтын барлық сұрақтар мен ұсыныс-тілектеріңізді төмендегі жауапты қызметкерлерге хабарласып білдіре аласыздар:

Елекенова Раушан Әлиханқызы

Жұмыс тел.: +7 (7222) 521721

ұялы тел.: +7 7086534407

е-mail: Raushanelekenova@mail.ru

745 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper