Анонс


Қазақ ұлттық Өнер университетінің «музейтану» мамандығы бойынша ақпарат Таңдаулы

Сәрсенбі, 24 Маусым 2020 15:22
Қазақ ұлттық Өнер университетінің «музейтану» мамандығы бойынша ақпарат KAZMUSEUM.KZ -  

Талапкерлердің назарына Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Музейтану» мамандығы бойынша ақпараттарды ұсынамыз.

1. Мамандық атауы:«Музейтану»;

2.Мамандықтың ашылған жылы: 2019 жылы ашылды;

3. Қанша маман дайындады: Жаңадан ашылуына байланысты әзірге түлектер болған жоқ;

4. Бакалавр үшін грант саны: 2-3. Ал, оқу ақысы: 660 000; Магистратура бойынша грант саны: 1-2, оқу ақысы: 917 000

5. Оқу формасы: тек күндізгі;

6. Сабақ беретін танымал оқытушылар, ғалымдар: өнертану кандидаты, профессор Юсупова Ардақ Кеңесқызы, өнертану кандидаты, профессор Асылбекова Айман Мұхтарханқызы, аға оқытушы, өнертану магистрі Каргабекова Раушан Исмайловна, оқытушы, өнертану магистрі Серкебай Нұрхан Арманұлы;

7. Стпиендия: Бакалавриат - 25 000-30 000; Магистратура бойынша: 63 000-75 000;

8. Жатақхана туралы мәлімет: 1 жылға 42 500; 1 айға 4 200  Нұр-Сұлтан қаласы, Сәтпаева 19/1, 24 қабатты үй;

9. Практикадан өтетін базасы: Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасындағы Ұлттық музей мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-тарихи музейі;

10. Шетелмен байланыс: уақытша тоқталды;

11. Жұмыспен қамтылу деңгейі; «Музейтану» мамандығының түлектері келесі мамандықтар бойынша жұмыс істей алады: музей қызметкері, сыншы, арт-сыншы, өнер тарихшысы мен теоретигі, жоғары оқу орындарының оқытушысы, ғылыми қызметкер, редактор, көркемөнер сарапшылары мен кураторлары, республикалық және халықаралық көрмелер мен фестивальдар ұйымдастырушысы, музей мен БАҚ қызметкерлері;

12. Оқуға құжат тапсыру жолы, адресі, телефоны, қажетті құжаттар, мерзімі:  20 маусымнан 07 шілдеге дейін - құжаттарды қабылдау Қазақ Ұлттық өнер университетінде өтеді. Ал, 8 шілдеден 13 шілдеге дейін шығармашылық емтихандар өтеді. ҰБТ-ға тапсыратын пәндер: Қазақстан тарихы, Оқу сауаттылығы. CD дискіде немесе флеш картасында сканерленген түрдегі құжаттардың барлық түпнұсқалары болуы керек:

Құжаттар:

1. Жеке куәлік көшірмесі;

2. Білім туралы құжаттың түпнұсқасы;

3. № 086 -У нысанындағы медициналық анықтама (флюорография суреті), нарколог және психотерапевтен анықтама, 063-нысан (егу паспорты);

4. Сурет ¾ (6 дана);

5. ҰБТ сертификаты;

6. Әскери жастағы жас ер азаматтар үшін тіркеу куәлігі;

7. Скоросшиватель, 6 файл, конверт (сүреттер үшін);

8. Дипломдар, сертификаттар (соңғы 3 жылдағы), 9. Жеңілдіктерді растайтын анықтамалар (егер бар болса).

Телефон: 70-55-03, 70-55-35

сағ. 9:00-ден 18:00-ге дейін (түскі ас 13:00-14:00)

сайты: www. kaznua.kz

Қазақ ұлттық өнер университеті. Нұр-Сұлтан қаласы, «Шабыт» сарайы, Тәуелсіздік көшесі 50.  (ҚР Ұлттық музейінің жанында).

 

355 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper