Анонс


Мектеп музейлеріне арналған байқау өтеді

Жұма, 07 Қыркүйек 2018 02:29
Мектеп музейлеріне арналған байқау өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

2018 жылғы 1-2 қараша күндері Астана қаласында ҚР Білім және министрлігінің тапсырысымен республикалық «Үздік мектеп музейі» конкурсы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Байқау мақсаты - музей педагогикасы арқылы оқушыларды әлеуметтендіру және бірегейлігін қалыптастыру жолында жаңа тәсілдерді іздеу.
Байқау төрт номинация бойынша өткізіледі: «Тарихи музейлер»; «Табиғи-ғылыми музейлер»; «Кешенді өлкетану музейлері»; «Әдебиет музейлері».
Байқауға музей қызметінің келесі бағыттары туралы мәлімет ұсынылады: 1) Экспозициялық-көрме жұмысы. 2) Ғылыми-зерттеу жұмысы. 3) Ұйымдастырушылық-бұқаралық және ағартушылық жұмысы. 4) Музейдің жұмысын сипаттайтын басқа да көрсеткіштер.
Байқауға қатысу туралы өтінім 2018 жылдың 10 қазанына дейін қабылданады.

Байқау туралы қосымша мәліметті 8 701 218 76 56 (Тимур) нөмірі арқылы білуге болады.  

 

 

Фото: Көрнекі сурет. 7kun.kz сайтынан алынды. 

3854 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper