Анонс


Абай музейінің байланыстары кеңейіп келеді Таңдаулы

Дүйсенбі, 27 Шілде 2015 16:55
Абай музейінің байланыстары кеңейіп келеді KAZMUSEUM.KZ -  

Семейдегі Абай мемлекеттік қорық-музейі Ресейдің Орынбор қаласындағы облыстық бейнелеу өнері музейімен шығармашылық меморандумын бекітті. Бұл туралы музей әкімшілігінен хабарлады.

Ұлы ақын музейі осы уақытқа дейін Ресей елінің ірі әдеби музейлерімен, атап айтқанда: Мәскеудегі А.С.Пушкин және Л.Н.Толстой мемлекеттік музейлері, Л.Н.Толстойдың «Ясная Поляна» қорық-музейі және Омбы қаласындағы Сібір қазақтарының аймақтық «Мөлдір» мәдени орталығымен шығармашылық серіктестік туралы меморандумдар бекіткен еді.

Ресейлік өнер музейімен бекітілген меморандум Абай музейінің халықаралық байланыстар аясын кеңейтіп, бірлескен жобалар мүмкіндігін молайтуға негіз болмақ. 

 
2563 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper