Анонс


Абай музейіне шетелдік туристер қызығушылық танытуда

Дүйсенбі, 20 Шілде 2015 17:05
Абай музейіне шетелдік туристер қызығушылық танытуда KAZMUSEUM.KZ -  

Семейдегі Абай қорық-музейі шетелдік туристердің назарында болып отыр.

Әлемдегі туристік маршруттарға шолу жасап, саяхатшыларға бағыт-бағдар беріп, кеңестерін жариялайтын америкалық Insider Monkey танымал туристік интернет-порталы әр елдің ерекшеліктері мен қауіпсіздік пен көркемдік тұрғысынан тартымды орындары туралы ақпараттарды жариялап, отандастарымен бөлісіп отырады.

Осы аталған интернет ресурсы өз отандастарына Қазақстанның туристер үшін қызықты, барып көруге тұрарлық деген 7 жерін атап көрсеткен екен. Туристерге тартымды жеті нысанның ішінде Семей қаласындағы Абай музейі бар.  

 
2454 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper