Анонс


Ұлттық музей заманауи технологияларын таныстырды (ФОТО) Таңдаулы

Сәрсенбі, 15 Шілде 2015 12:48
Ұлттық музей заманауи технологияларын таныстырды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Бүгін ҚР Ұлттық музейінде музей қызметіне енгізілген жаңа технологияларды таныстыру рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Музейге келушілерге электронды билет сатып алу (оnline-ticket)  мен аудиогид және QR-код арқылы экскурсия жасау тәсілдері таныстырылды.

«Біз әлемдік станлартқа сәйкес жұмыс істеуіміз керек. Музей қызметін дамыту үшін замануи технологияларды пайдалану қажет. Әр заманның өз ғалымы, өз құралы болатыны секілді біз де уақыт көшінен қалмауды ойластырудамыз. Осыған орай Ұлттық музейдің қызметіне жаңа технологияларды енгізіп отырмыз. Бұл технологиялар музейге келушілердің уақытын үнемдеуге, өз сұраныстарын толық қанағаттандыруға арналған», - дейді ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай.

Келушілер музей жәдігерлерімен арнайы экскурсовод мамансыз-ақ, аудиогидтің көмегімен өз бетінше экскурсия жасап, таныса алады. Аудиогид қызметі үш тілде, қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жүргізіледі.

 

Музей экспозициясындағы жәдігерлер мен макеттер тұсында олардың тарихы жайындағы жан-жақты мәліметтер жазылған QR-кодтар орналастырылған. Музейге келушілер QR-кодтардағы ақпараттарды арнайы планшеттер арқылы сканерлеп оқи алады. Немесе арнайы бағдарлама негізінде жеке гаджеттері арқылы да танысу мүмкіндігі бар.

Музейге келушілерге барынша ыңғайлы әрі пайдалы болуы үшін жан-жақты жағдай жасалынып отыр. Мәселен, жоғарыдағы заманауи технологиялардан бөлек, елорда тұрғындары мен қонақтары оnline-ticket жүйесі арқылы билетке алдын-ала тапсырыс жасап, ала алады. 

Ұлттық музейдің электронды билетін ең алғашқы болып пайдаланған белгілі қоғам қайраткері Ирак Елекеев музей қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

 

Айта өтейік, Ұлттық музей заманауи жаңа технологиямен жабдықталған еліміздегі бірегей музей. Ұжым басшысы Дархан Мыңбайдың айтуынша, музей қызметіне жаңа технологияларды енгізу алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС,

Ғабит МАДАЛИЕВ (фото).

 

 

 
3050 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper