Анонс


Алматыдағы Орталық музей «Музейдегі түн - 2018» мерекелік бағдарламасын ұсынады

Бейсенбі, 17 Мамыр 2018 01:39
Алматыдағы Орталық музей «Музейдегі түн - 2018» мерекелік бағдарламасын ұсынады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 2018 жылғы 18 мамырда сағат 17.00-ден 24.00-ге дейін Музейлердің халықаралық күні мерекесіне арналған «Музей түні» атты іс-шарасын өткізеді. Іс-шараның биылғы жылғы ұраны – «Гиперкоммуникация дәуіріндегі музейлер», деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. 

Жыл сайын «Музей түні» акциясы тұрақты және де жаңа демеушілердің қолдауымен өткізіледі. «Музей түні-2018» іс-шарасының Бас демеушісі ретінде «RUSLAN BAIDALINOV  PROMOTION GROUP» компаниясы танылып отыр.

       «Музей түні» – Орталық музей 2006 жылдан бері жүзеге асырып келе жатқан халықаралық ірі әлеуметтік мәдени-білім беру жобасы.  Дәл осы түні Музей түрлі жастағы, түрлі көзқарастағы адамдарды, түрлі ұлттар мен ұлыстарды тоғыстырып қана қоймай, көңіл көкжиегін кеңейтіп, төл мәдениетіміздің нәрінен сусындауға шақырады. Музей түнінің форматы жыл сайын өзгеріп отырады. Бұл жолы алматылықтар мен қала қонақтарына жаңа бағдарлама, оның ішінде музейдің қор коллекциясы негізінде құрылған көрмелер мен Қазақстан суретшілерінің авторлық жұмыстары қойылған көрмелер ұсынылады:

  • «Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалалар: қыш ыдыстағы ою-өрнектер (музей қорындағы керамикалық материалдар негізінде)»  көрмесі Қазақстан аумағындағы қалыпталған және шыңдалған керамикалық бұйымдарды әшекейлеуде пайдаланылған түрлі өрнектер туралы мағлұмат береді.  
  • «Жаңғырған мұра» көрмесінде музей зертханаларында қайта қалпына келтірілген зергерлік бұйымдар мен дәстүрлі белбеулер қойылады.
  • «Адам. Дәуір. Байланыс» көрмесінде ерте петроглифтерден бастап бүгінгі күнге дейінгі заттар мен байланыс құралдары таныстырылады.
  • «Руханият ескерткіштері» – үш діннің бірегей жазба ескерткіштерінің үлгілері: Таурат, Інжіл, Құран.
  •  «Сағым. Пленэр. Ханшайымдар ойыны» көрмесінде суретші Анна Маргацкаяныңқолынан шыққанкескіндеме, акварель, керамикалық бұйымдар ұсынылған.  
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бөлігі – бестомдық іргелі «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» ғылыми-этнографиялық энциклопедиясының толықтырылған екінші басылымының тұсаукесері кештің көркін келтірері хақ.   

Күні бойы өтетін ИНТЕРАКТИВТІ ЭКСПОЗИЦИЯЛАРаясында келушілер өткен дәуірлер тарихынан бастап қазіргі жаңашылдықтарға дейінгі мағлұматтарды алып, қызғылықты уақыт өткізеді:

  • «Ән атасы – Әміре» әдеби-музыкалық музейлік сабағы көрнекті қазақ әншісі Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылық жолымен таныстырады. Сабақ Абай атындағы Республикалық мектеп-интернаты, «Көкіл» музыкалық мектебі, А.Жұбанов атындағы музыкалық мектептің қатысуымен ІІ экспозициялық залда өтеді.
  • «Әжемнің сандығындағы заттардың тарихы» саяхат-ойыны арқылы қазақтардың тұрмыс-тіршілігі таныстырылады. Сұқбат құру, тақырыптық тапсырмаларды орындау және ойын тәсілдерін қолдану арқылы музей көңіл көтеру орны ғана емес, жадыны дамытып, шығармашылық алаңына айналады. Өтетін орны: ІІ экспозициялық зал.
  • «Ортағасырлық керамикадағы бейнелі өрнектер: қазіргі көзқарастар» интерактивіне қатысушылар керамикалық бұйым және сәулеттік қаптауыштағы әшекейлеу элементтерін сурет бетіне немесе тұзды қамырдан жасалған бұйымдарға түсіру мүмкіндігіне ие болады. Өтетін орны – I экспозициялық зал;
  • «Белгілі заттың белгісіз қырлары» (қазақтардың сирек кездесетін тұрмыстық заттары) және «Жаңылтпақ»  қазақ ұлттық ойыны.
  • «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер». Шебер әже мен келіні қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мейрамдары, бала тәрбиесі, ұлттық ойындар және басқасын айтып түсіндіреді. Өтетін орны: ІІ экспозициялық зал.

Мереке күні келушілерге І, ІІ, ІІІ, ІV залдар – «Палентология және археология», «Тарихи этнография», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан және Диаспоралар мәдениеті», «Тәуелсіз Қазақстан» залдарына тегін кіріп, экскурсия тыңдау мүмкіндігі беріледі.

        Мерекелік кешті белгілі шоумендер – ДАНИЕЛЬ ДЖЕЙМС,  ТІЛЕУХАН ОМАРХАН, РУСЛАН БАЙДАЛИНОВ жүргізеді.

Музей түнінің бағдарламасында:

Іс-шараны Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының Хореоргафия факультетінің «Asianstudentsdance-ASD» би театры мен вокалшылары бастайды. Одан кейін Халық әртістері мен Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткерлер (Саят Медеуов, Нұрлан Еспанов, Мухтар Суннатов, «Шамшырақ» дуэті, Әліби Мамбетов, «Аяулым» триосы, М.Б. Серкебаевтың бақаруындағы оркестр, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, «AZIA Classic» квартеті, «Барабаны Алматы»,  «The BeatlYes Berdaly Ospan s Group Band» және т.б.) музыкалық сәлемдемелерін жолдайды.

МУЗЫКАЛЫҚ-БИ ШАШУЫН қаламыздың түрлі шығармашылық ұжымдары, би студиялары мен мектептері ұсынады: этникалық стильде үнді кхатхат, испан фламенкосы және классикалық шығыс биі сынды үш бағыт бойынша би импровизациясын «Триада Трайбл Денс» (жетекшісі  – Амина Рахман); баян және прима-қобыздың сүйемелдеуімен танымал «Есінен адасқан» тангосын «Por una cabeza» ұсынса; «Dance Playa” (жетекшісі - Талғат Заитов)сальса, бачата, кизомба сынды танымал латын-америкалық билерді билеуді үйретеді; «ADORÁ»  (жетекшісі - Айсұлу Құлмаханова) би жобасы түрлі бағыт пен стильде өнер көрсететін болады; «Frank Valdes Dance Studio» (жетекші – кубалық  маэстро Франка Вальдеса) жылдам қарқынды билерді ұсынады; «Santas Flores del Alma» (жетекшісі - Ольга Цатурян) испан биі мен фламенко биінің суретін түсіндіреді; «CASADEBACHATA» (оқытушылары - Александр және Катерина) жылдам қарқынды латын-америкалық билер; «FreeWay»балл билерін спорт шеберлеріДиана Байжігітова мен Таир Чумуруновтың орындайды; сонымен бірге «Unidance» Халықаралық желісі (жетекшісі - Юлия Касаткина) және  "Kaz Kids Dance"( жетекшісі  Наталья Дубинчик)

 атынан балалар ансамблі өнер көрсетеді. 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫ: музейдіңбілімқұмар және шығармашыл келушілері үшін ШЕБЕРЛІК САБАҚТАРЫ өтеді: Ә.Қастеев ат. Өнер және дизайн мектебі, Қазақстан-Жапон орталығы, О.Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің атынан «Қыш-құмыра ісі», «Әйнекті көркемдік өңдеу», «Нүктелі өрнек», «Декупаж», «Канзаши», «Линогравюра», «А ля прима», «Оригами», «Жапон каллиграфиясы», «3D фигуралар».

ШОУ-ДЕФИЛЕ: О.Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжі атынан«Алтын тыныс» этникалық коллекциясы (жетекшісі – Оразалиева Әсел) және Алматы Мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі атынан «Жұмақтағы бақша» атты шаш және бет әрлеу үлгілерінің коллекциясы  (жетекшісі – Есенбаева Райшан, Әмірова Бақытгүл).

Келушілердің таңдайын қақтырар жарқын, ерекше әрі әдеттен тыс ШОУ-БАҒДАРЛАМА аясында «Сейшн» арт-балетінің орындауында «Теңіз» үш өлшемді шоуы,  «Fire Sunset» компаниясының атынан от және жарық шоуы, «Ratatui» креативті агенттігінің атынан азот шоуы мен сабынды көбік шоуы,  «Show_Ballet_Furore» агенттігінің атынан жалынды «канкан»,  «Кудесники» компаниясының атынан «Алтын адам» арт-нысаны және қағаз шоуы, «Барабаны Алматы» жобасы (жетекшісі Данила Квочкин) ұсынылатын болады.         

СҰЛУЛЫҚ ПЕН ДЕНСАУЛЫҚ ӘЛЕМІНДЕ – парфюмерлік және сауықтыру өнімдерін ұсынатын компаниялар жаңа трендтермен таныстырады.

МУЗЕЙ СЕРІКТЕСТЕРІ:«RUSLAN BAIDALINOV  PROMOTION GROUP», «VIP EVENT», Саят Медеуов, Нұрлан Еспанов, М.Б.Серкебаев басқаруындағы Алматы қ. Әкімінің концерттік оркестрі, «AZIA Classic» үрмелі аспаптар квартеті, «Шамшырақ» дуэті, «Аяулым» триосы, «Барабаны Алматы» жобасы, «the BeatlYes Berdaly Ospan s Group Band», «Fire Sunset» компаниясы, «Ratatui» мереке агенттігі, «Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, «Триада Трайбл Денс», «Por una cabeza», «Dance Playa”, «ADORÁ», «Frank Valdes Dance Studio», «Santas Flores del Alma», «CASADEBACHATA», «FreeWay», «Unidance» Халықаралық желісі, Ә.Қастеев ат. өнер мен дизайн мектебі, Қазақстандық-Жапондық орталық, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі, Алматы Мемлекеттік Сервис және технологиялар колледжі, «СЕЙШН» АРТ-БАЛЕТі, «Кудесники» компаниясы, «Show_Ballet_Furore» агенттігі, Алматы қ. «Tansholpan Flowers», «3DFLOWERS», «Zhuldyz flowers» гүл дүкендері, «ALKA PRINT» және «PIRAMIDA GROUP» компаниялары, «Акмарал Сауда» шәй компаниясы.            

Келушілерге арналған арнайы акциялар!

Әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram)  #Музейтүні-2018ҚРМОМ, #Ночьвмузее2018ЦГМРК, #NightMuseum2018CSMRK хэштегтерімен фото орналастырған келушілер Музейдің әрі ALKA PRINT және PIRAMIDA GROUP жарнамалық-өндірістік компаниялардың атынан жүлдеге ие болады.

 

ҚР Мемлекеттік орталық музейі баршаңызды 18 мамыр күні сағат 17.00-ден түн жарымына дейін күтеді!

 

Кіру тегін.

 

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ: 2645577, 2644650.

2617 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper