Анонс


Ұлттық бизнес-рейтингтегі ең үздік музей белгілі болды Таңдаулы

Бейсенбі, 02 Ақпан 2017 04:06
Ұлттық бизнес-рейтингтегі ең үздік музей белгілі болды KAZMUSEUM.KZ -  

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі 2016 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық бизнес-рейтингте «Сала көшбасшысы» атанып, халықаралық сертификатпен және арнайы «Алтын қыран» медалімен марапатталды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Ұлттық бизнес-рейтинг жүлдесі Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина мемлекеттерінің әр саладағы кәсіпорындары мен мекемелеріне қоғамдағы жоғары қызмет көрсеткіштері мен дамуына қосқан үлесі үшін беріледі.

 «Әзірет Сұлтан» қорық – музейінде 2016 жылы бірқатар маңызды шаралар өткен болатын. «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері» V  халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция және 22-23  қыркүйек аралығында  дәстүрлі «Ясауитану» халықаралық білім байқауы болып өтті. Атаулы бұл маңызды іс-шараларға Англия, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан Тәжікстан т.б. шетелдерден және отандық ясауитанушы ғалымдар, және Республикамыздың түкпір-түкпірінен оқушылар қатысты. Бұдан бөлек қорық-музейде 30 астам дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырылды. Жыл бойына музейде жылжымалы және тұрақты көрмелер өткізілді. Көрмелердің  саны – 62.

«Сала көшбасшысы» Халықаралық сертификаты  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің атқарған еңбегіне берілген жоғары баға және жаңа жетістіктерге ынталандыру болатыны анық.

2434 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper