Анонс


«Самұрық-Қазына Trust» Қазақстан музейлерін қолдайтын арнайы жобаны қолға алды

Сәрсенбі, 25 Қаңтар 2017 02:45
«Самұрық-Қазына Trust» Қазақстан музейлерін қолдайтын арнайы жобаны қолға алды KAZMUSEUM.KZ -  

«Менің елім» бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Қазақстан музейлерін дамытуды қолға алды. Бұл туралы бағдарламаның ресми аккаунтында жарияланды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«Бағдарламамыздың бір бағыты - тарихи және мәдени мұраны қайта жаңғырту. Бұл бағытта мәдени өмірді дамыту да жоспарда бар.

Ал негізгі бөлігіне кірісер алдында, біз түрлі деректерді жинастырып талдап жатырмыз. Мысалы, еліміздің музейлері бойынша деректер жинадық.

Бүгінгі күні Қазақстанда 234 музей, оның ішінде 89 — өлкетану музейі жұмыс істеп тұр. Осымен қоса тарихи, мемориалдық, жаратылыстану-ғылыми, өнертану, музейлері мен қорықтар бар. Жұмыс істеп жатқан музейлердің көбісі Оңтүстік Қазақстан облысында, ал ең азы – Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында. Соңғы аталған облыс Павлодар облысымен бірге осы жылғы бағдарламаға енгізілді», - делінген хабарламада.

 Айта өтейік, kazmuseum.kz сайты алдағы күндері бағдарлама туралы ақпаратты жариялайтын болады. 

2593 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper