Анонс


ҚР Мемлекеттік орталық музейі жазғы маусымға арналған бағдарламасын жариялады Таңдаулы

Сәрсенбі, 20 Шілде 2016 15:47
ҚР Мемлекеттік орталық музейі жазғы маусымға арналған бағдарламасын жариялады KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Мемлекеттік орталық музейі жазғы маусымға арналған бағдарламасын жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

ҚР Мемлекеттік орталық музейіне келушілер «Алаумен өрілген өнер» (көркем керамика);  «Сырлы аяқтың сыны кетпес» (қазақтың дәстүрлі ыдыс-аяқтары); «Бағзының жаңғырған куәлері» (археологиялық коллекциялардың қайта қалпына келтірілген артефактілері) көрмелерін тамашалай алады.

Сондай-ақ, балаларға арналған «Археология әлеміне саяхат» квест-ойыны, әр дүйсенбі және бейсенбі күндері сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін өтеді.  «Әжемнің сандығындағы заттардың тарихы»  квест-ойын, әр сәрсенбі және жұма күндері сағат  10.00-ден 13.00-ге дейін ұйымдастырылады.

Қала тұрғындары мен қонақтары алдын-ала тапсырыс негізінде«Қызыл Кітап бойынша», «Қазақтардың дәстүрлі киімі» және «Киіз үй  –көшпелілердің дәстүрлі баспанасы», «Қазақтардың зергерлік бұйымдары», Б. Момышұлына арналған  «Отан үшін отқа түс», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері», «Тәуелсіз Қазақстан бойынша саяхат», «Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынұлы. Алаш Орда» тақырыптары бойынша музейлік сабақтар өткізеді.

Естеріңізге салайық, қазіргі уақытта музейде Алматының 1000-жылдығына арналған «ҚР Мемлекеттік орталық музейіндегі менің сүйікті экспонатым» атты балалар шығармашылығының байқауы өтіп жатыр. Байқау аясындамузейдің интерактивті аумағында (холл) күнделікті экспозицияны көріп болғаннан кейін, сурет салуға болады.  Байқауға 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар шақырылады.  Жұмыстар 2016 жылдың 11 шілдесінен 20 тамызына дейін қабылданады.   

Музейдің мекен-жайы: «Самал-1» ы.а., 44-үй., тел:  264-46-50.

Кіру ақылы: балаларға – 100 теңге; үлкендер үшін – 300 теңге

Ұжымдық келушілерге: экскурсиялық қызмет көрсету (25 адамнан тұратын топ) – 400 теңге, тақырыптық экскурсия – 900 теңге, музейлік сабақ – 900 теңге.

 Демалыс – сейсенбі

3317 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper