Анонс


Бизнес рейтингтегі үздік музей белгілі болды

Жексенбі, 17 Шілде 2016 01:48
Бизнес рейтингтегі үздік музей белгілі болды KAZMUSEUM.KZ -  

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі Ұлттық бизнес-рейтингінің қаржы-экономикалық нарықтық саралауының нәтижесінде Қазақстанның музей саласындағы мекемелерінің үздік ондығына еніп, «Алтын» рейтингісіне ие болды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Осыған дейін ұлы ақын музейі 2013 жылдың қорытындысы бойынша «Сала көшбасшысы» атанып, Ұлттық бизнес-рейтингінің арнайы сертификаты және естелік медалімен марапатталған болатын.

Бұл марапат музей ұжымын Абай Құнанбайұлының бірегей мұрасын сақтау мен насихаттау ісінде жаңа жетістіктерге ынталандырады.

3065 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper