Анонс


Ұлттық арна музей экспонаттарын пайдалана отырып түсірілген фильмнің тұсаукесерін өткізді Таңдаулы

Сейсенбі, 23 Ақпан 2016 00:22
Ұлттық арна музей экспонаттарын пайдалана отырып түсірілген фильмнің тұсаукесерін өткізді KAZMUSEUM.KZ -  

Астанадағы «Қазмедиа орталығында» «Жамбыл» тарихи драмасының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты «Қазақстан» Ұлттық арнасының ресми сайтына сілтеме жасап.

«4-сериялы тарихи драма қазақтың ұлы ақыны Жамбылдың өмір жолы мен шығармашылығы туралы баяндайды. Сериалда Жамбыл Жабаевтың музей-үйіндегі кезінде жеке өзі қолданған заттары мен сол уақытта әмбеге аян болған, Жамбыл бабамыздың өзі мінген әйгілі ЗИМ-1 көлігі пайдаланылған. Сонымен қатар, сериалда Жамбыл Жабаевтың кереуеті де пайдаланылды. Жамбыл бабамыздың есімі өзінің көзі тірісінде-ақ аңызға айналған. Ол өзінен кейінгі ұрпаққа мол мұра қалдырды, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Қазақ деген халықты әлемге танытты.    Фильмде басты рөлді театр мен кино актері Байғали Есеналиев ойнайды. Ал, күйші Дина Нұрпейісованың рөлін елімізге белгілі күйші Айгүл Үлкенбаева, танымал әнші Күләш Байсейітованың рөлін Әйгерім Уалжанова сомдайды», - делінген хабарламада.

Айта өтейік, аталмыш шараға ақын-жазушылар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, Парламент депутаттары, кино саласының мамандары, журналистер мен блоггерлер қатысты.

 

2868 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper