2020 жылы музей қызметкерлерінің жалақысы өседі Таңдаулы

Дүйсенбі, 02 Қыркүйек 2019 13:13
2020 жылы музей қызметкерлерінің жалақысы өседі KAZMUSEUM.KZ -  
Музей саласы қызметкерлерінің жалақысы өседі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдаған "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауында айтылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
«Мәдениет қызметкерлерін қолдау. Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды. Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде. Келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс. Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек», - деді Қ.Тоқаев.
686 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper