Ақмола облысының музейлері "Музейдегі түн" акциясын өткізеді

Сәрсенбі, 14 Тамыз 2019 02:22
Ақмола облысының музейлері "Музейдегі түн" акциясын өткізеді KAZMUSEUM.KZ -  

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Музейдегі түн» акциясы Ақмола облысының музейлерінде ай сайын өткізіледі. Бурабай тарихи-өлкетану музейінде 10 тамыздан бастау алып, «Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ барлық филиалдарында жалғасын табады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Акцияның басты мақсаты - келушілерді мәдени және тарихи мұраға арналған жарқын, қызықты бағдарламамен қызықтыру.

Осы түні Бурабай тарихи-өлкетану музейінде түнгі қонақтар үшін музей залдары бойынша шолу экскурсиясы мен «Бурабайдың күзгі палитрасы» фильмінің көрсетілімі өтті. «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы Берік Абдығалыұлының топтамасынан ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басындағы ашық хаттарының «Ғасырлардан сыр сақтаған Бурабай»  тақырыптық көрмесі ерекше қызығушылық тудырды.

«Музейдегі түн» акциясында «Буабай -Даму» ЖШС және «Таңғажайып өлке» кітап көрмесі мен кәдесыйлардың көрме сатылымын ұйымдастырған Бурабай кентінің кітапханасы да белсенді атсалысты.

Түнгі қонақтар XIX ғасырдың аяғы - ХХ ғасыр басының таңғажайып атмосферасына кенеліп, заманауи Бурабайға енді, сонымен бірге олар жадында ұмытылмас сурет қалдыра алды.

 Акцияға барлығы 528 адам қатысты.

65 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper