«Отырар» қорық-музейі БАҚ өкілдері үшін тур ұйымдастырды

Жұма, 26 Сәуір 2019 23:43
«Отырар» қорық-музейі БАҚ өкілдері үшін тур ұйымдастырды KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында «Отырар – туризм орталығы» тақырыбында пресс-тур ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Шараның мақсаты - тағлымды тарихымен, терең мәдениетімен, діни маңызымен ерекшеленетін Отырар өңіріне туристердің қызығушылығы арттыру және туризм саласының заманауи талаптарына сай салынып жатқан «Отырар қалажұрты» сапар орталығымен таныстыру.

Шараға қатысқан БАҚ өкілдері Отырар қорық-музейінің экспозиция залымен танысып, Отырар қалажұртындағы зерттеу барысында аршылған нысандарға экскурсия жасалды.

Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елімізде алғаш рет «Отырар қалажұрты» сапар орталығының іргетасы қаланды. «Сапар» орталығын салудағы мақсат – Отырар оазисінің мәдени мұрасын еліміз бен шетелдерде насихаттау, Отырар қорық-музейінің территориясында орналасқан тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау мен олардың сақталуын қамтамасыз ету, туризм саласының заманауи талаптарына сай туристік орталық жасау болып табылады. Журналистер аталған құрылыс нысандарына арнайы барып, құрылыс жүріп жатқан ғимараттармен танысты. Тілшілерге сұхбат берген мердігер «ТриА+» ЖШС басшысы Абдураззак Жанбусиновтің айтуынша, Сапар орталығының құрылысы өз мерзімінде орындалып жатқанын және жатақхананың ішкі құрылысы жасалып жатқанын, жалпы құрылыс қазіргі таңда 80% орындалғаның жеткізді.

Пресс-тур барысында Отырар қорық-музейі директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Серік Ақылбек (басты суретте- Ред.) және бас қор сақтаушы Ералы Шоқай, таныстырушы Бауыржан Камаловтар музей қызметін насихаттау мақсатында сұхбат берді.

Пресс-турға республикалық, облыстық, аудандық телеарналар мен газет тілшілері қатысты.

313 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper