Үкіметке музей қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы жоба ұсынылды

Сәрсенбі, 10 Сәуір 2019 14:41
Үкіметке музей қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы жоба ұсынылды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі өзіне қарасты республикалық дәрежедегі мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын көтеру мақсатында ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы жобаны ұсынды, деп хабарлайды  kazmuseum.kz сайты.

Қаулының жобасы 2019 жылғы 9 сәуірде Ашық үкімет порталында жарияланған. Жобаны 23 сәуірге дейін талқылауға болады. Әзірге жобаға қатысты пікір білдірген қолданушылар мен мәдениет саласының өкілдері байқалмады.

Жобаға сәйкес, республикалық мемлекеттік мекемелердің және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың басшылары, мамандары мен қызметшілерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА (тарифтік мөлшерлемелерді) есептеу үшін коэффициенттердің белгіленген мөлшеріне 1,72 жоғарылататын коэффициентті қолдана отырып айқындау көзделген.

Егер жоба ҚР Үкіметі тарапынан қолдау табатын болса төменде аталған музейлер мен қорық-музейлер қызметкерлерінің жалақысы 1,72 жоғарылататын коэффициентке өседі:

  1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  2. «Қазақстан Республикасының орталық музейі» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
  3. «Бейбітшілік және келісім музейі» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
  4. «Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
  5. «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
  6. «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
  7. «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
  8. «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
  9. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
  10. «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
  11. «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
  12. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
  13. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
  14. «Бозок» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
  15. «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
  16. «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» республикалық музейі» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
  17. «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
  18. «Мемлекеттік бірегей музыкалық аспаптар жинағы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
  19. «Таңбалы» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.

 

 

 

932 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper