Анонс


ҚР Ұлттық музейі қазақ этнографиясына байланысты жаңа деректі жариялады

Бейсенбі, 27 Тамыз 2020 17:13
ҚР Ұлттық музейі қазақ этнографиясына байланысты жаңа деректі жариялады KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Ұлттық музейі «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының мамандары 2018 жылдан бері «Сарыарқаның тарихи-мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және дәріптеу» жобасы аясында этнографиялық және музыкалық-фольклорлық экспедиция ұйымдастырып келеді.

2020 жылғы экспедиция бағыты Павлодар, Қарағанды және Ақмола облыстарын қамтыған болатын. Далалық зерттеу жұмыстарының мақсаты - қазақ этнографиясына қатысты материал жинақтап, Сарыарқаның материалдық емес мәдени мұрасын сақтап отырған мұрагерлерді тізімдеу. Материал жинау барысында формальды емес сұхбат, фото/видео жасау және үнтаспаға басып алу әдістері қолданылып, арнайы дайындалған сауалнама негізінде 40 пен 70 жас аралығындағы ақпарат берушілер (информаторлар) сауалнамадан өткізілді. Қазақ халқының дәстүрлі тағамтану, тағам дайындау әдістері, сәндік-қолданбалы өнер, қазақтың дәстүрлі халық емшілігі саласының мұрагерлерін (ағаш және тері өңдеу, киіз басу, кесте тоқу, және т.б.) анықтау жұмыстары жүргізілді. Мұрагерлердің жалпы саны – 10. Алдағы уақытта аталған экспедиция нәтижесінде жиналған материалдар ғылыми монография ретінде жарық көріп, сәндік-қолданбалы өнер, тағамтану саласында ұмыт болған білім мен дағдылар қайта жаңғыртылатын болады. Сондай-ақ аймақтық туризм басқармаларымен бірлесе отырып, маусымдық халықтық мерекелердің іс-шаралар күнтізбесі де (көрісу, наурыз мерекесін атап өту, мизам және т.б.) әзірленеді.

1594 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper