Анонс


Татарстан Ұлттық музейі 120 жылдығын атап өтуде

Сәрсенбі, 09 Қыркүйек 2015 15:44
Татарстан Ұлттық музейі 120 жылдығын атап өтуде KAZMUSEUM.KZ -  

Осы күндері Қазан қаласында музейлердің халықаралық форумы өтіп жатыр. Бұл шара Татарстан Республикасы Ұлттық музейінің 120 жылдығына арналған. 8 қыркүйекте басталған форум қыркүйектің 12-не дейін жалғасады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Бүгінгі музейлердің белсенді жұмысы, тоқтаусыз дамуы сезілгенмен, оның қоғамға пайдасы мен әсері туралы, жалпыға ортақ құндылықтарды сақтап, гуманизм мен толеранттылық идеясын жүзеге асыру жолында атқаратын шаруасы шаш етектен.

Форумға қатысушылардың дені ресейлік музей мамандары ғана емес, алыс-жақын шетелден барған қонақтар да көп. 8 қыркүйектен бастап «Корстон-Қазанда» (қонақ үй, ойын-сауық, сауда кешені) өтіп жатқан шара пленарлы отырыспен басталып, білікті мамандардың қатысуымен музейлердің заманауи дамуының өзекті мәселелері қаралды. Халықаралық музейлер қауымдастыығының белгілі мамандары баяндама жасап, өткір-өткір мәселелер көтерді. Олардың қатарында – Владимир Толстой (Мәскеу), Михаэль Хенкер (Мюнхен), Эндрю Эрскин (Лондон) және Бьорн Стенверс (Амстердам) секілді музей мамандары бар.

Форумда басты тақырып ретінде музейлердің ел экономикасындағы рөлі мен маркетингтік технологиядағы басты көрсеткіштері, музей қызметінің барлық түрлеріне жаңаша көзқарас қалыптастыру және жаңа бағытта дамыту туралы өзекті мәселелер сөз болып жатыр.

Бес күнге созылатын халықаралық форумның шеңберінде дөңгелек үстелдер, семинарлар мен тұсаукесерлер, А.М.Горькийдің әдеби-мемориалдық музейінің 75 жылдығына арналған музейлер қауымдастығының отырыстары сияқты шаралар рет-ретімен өтіп жатыр.

Бұл форум халықаралық деңгейде өтіп жатқандықтан, алдағы күндері Қазан қаласындағы музейлердің жаңа экспозицияларымен танысу, Болгария Республикасының тарихи-архитектуралық музей-қорығы өткізетін шаралар және «Остров-град Свияжск» музейлерінің көрмелерін тамашалау жоспарланған.

Қазанда өтіп жатқан музейлердің халықаралық форумы ұлттың тарихы мен мәдениетін, Г.Тукай, Г.Державин, М.Горкий және Ф.Шаляпин сынды тұлғаларын музейлері арқылы таныстыруға, Татарстанның брендтері мен құндылықтарын насихаттауға мүмкіндік берді.

Форумның тақырыбы, көтерген мәселесі музей саласындағы түрлі қызметкерлер үшін қызықты да пайдалы болатыны белгілі. Музейдің алдағы 10 жылдық жоспарында жалпыға ортақ құндылықтарды насихаттап қана қоймай, адамзатты торранттылыққа үндеу, экстремизм және терроризм сияқты қауіптен қайтару, әртүрлі халықтың, этностың мәдениетін егжей-тегжейлі түсіндіріп, ұлтаралық достықты нығайту секілді ұлы міндеттер тұр. 

2779 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper