Анонс


Әуекомпания музейге 3 ұшақты сыйға тартты

Бейсенбі, 20 Тамыз 2015 13:59
Әуекомпания музейге 3 ұшақты сыйға тартты KAZMUSEUM.KZ -  

ORENAIR әуекомпаниясы Орынбор облысының азаматтық авиация музейіне бұған дейін қоймадан шығарылған 3 ұшақты сыйға тартты, деп жазады "РИА Новости" агенттігі.

Ашық аспан астындағы музейдің ашылу салтанаты 2015 жылдың 17 тамызында вакзал маңындағы халықаралық «Орынбор»  аэропорты аймағында өтті. Жәдігерлер арасында - « Орынбор әуежолы» АҚ облыс меншігіне табыстаған Ту-154, Ту-134, Ан-24 ұшақтары қойылды.

Сонымен қатар экспозиция құрамына Як-40 ұшағы және МИ-2 тікұшағы да болды.

 Салтанатты шараға Ресейдің атақты қайраткерлері, баспасөз өкілдері, Ор және Орынбор балалар үйінің тәрбиеленушілері, әуекомпания және аэропорт қызметкерлері қатысты. Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг музейдің құрылысы мен дайындығына атсалысқан  әуе кәсіпорын ардагерлеріне  алғысы мен  құттықтау сөздерін жолдады.

 

Фото: open.kz 

 
2820 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper