Анонс


Рамзан Қадыров жаңа музейдің ашылуына қатысты

Сәрсенбі, 19 Тамыз 2015 15:06
Рамзан Қадыров жаңа музейдің ашылуына қатысты KAZMUSEUM.KZ -  

Шешенстанның Беной ауылының маңында этнографилық музей ашылды. Музейдің ашылу салтанатына Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров қатысты, деп жазады Шешенстан үкіметінің баспасөз қызметі. 

Мәдени-этнографилық кешен Үлкен Беной деп аталатын 12 елді мекеннің тұрғындарының көмегімен салынған.

« Біздің өлкенің тарихы осы жерден басталады. Баяғыда осы 12 елді мекеннің тұрғындарынан құрылған Үлкен Беной бірнеше рет түбегейлі өртеніп кеткен. Бірнеше ғасырлар бойы жергілікті тұрғындарды Сібірге айдап, тегіс алқаптарға ығыстырып отырған. Бірақ та аман қалған бенойлықтар тауларға қайта кеп, тұрғылықты жерлерін қайта жаңғыртқан»,- деді Шешенстан президенті  Рамзан Кадыров. 

 

Фото: КАВПОЛИТ

2942 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper