Анонс


Освенцим музейіне келушілер саны 1 миллионнан асқан

Сәрсенбі, 19 Тамыз 2015 15:01
Освенцим музейіне келушілер саны 1 миллионнан асқан KAZMUSEUM.KZ -  

Освенцим музейі келушілер саны бойынша жыл рекордын жаңартты, деп жазады The Jewish Chronicle сайты.  

Музей әкімшілігінен хабарлағандай, 2015 жылдың қаңтар-шілде айларында бұрынғы Аушвиц-Биркенау лагерь шоғырына 1 миллионнан астам адам келіп, музей тарихында болмаған келушілердің  рекордтық санын көрсеткен.

Әкімшіліктің болжамы бойынша жылдың соңындағы көрсеткіш өткен жылдың рекордынан (1,53 миллион адам) асып түсуі мүмкін.  

Музей бұл жетістікке  интернет арқылы билетке бронь жасау мен келушілер санын реттеп отыру арқылы шешкен.

 Айта өтейік, музейге айналған Освенцим лагерінде 1940-1945 жылдар аралығында газ камераларымен күштеп жұмыс істету кезінде 1,1 млн еврей, поляк, сыған және басқа ұлт өкілдері қаза болған. Қазіргі уақытта бұл музей азалы тарихты еске түсіретін орын ретінде құрметтеледі. 

 

Фото: EPA

 
2914 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper