Анонс


Татарстанда музейлердің халықаралық форумы өтеді Таңдаулы

Жұма, 14 Тамыз 2015 16:26
Татарстанда музейлердің халықаралық форумы өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қыркүйектің 8-12 аралығында Татарстан астанасы Қазанда Татарстан Ұлттық музейінің 120 жылдығына арналған халықаралық музейлер форумы өтеді. Бұл туралы Татарстанның Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.   

Музей форумы «Корстон-Қазан» да өтетін пленарлы отырыспен басталады. Отырыста музейлердің заманауи дамуынның өзекті мәселелері қаралады. Осыған орай халықаралық музейлер қауымдастығының мамандары: Владимир Толстой (Мәскеу), Михаэль Хенкер (Мюнхен), Эндрю Эрскин (Лондон), Бьорн Стенверс (Амстердам) тәрізді бірнеше ғалымдар баяндама жасайды.

 Форумда басты тақырып ретінде музейлердің ел экономикасындағы рөлі мен маркетингтік технологиядағы басты көрсеткіштері талқыланады. Сонымен қатар, форум өтетін аумақта түрлі бөлім отырыстары, дөңгелек үстелдер, семинарлар мен тұсаукесерлер, А.М.Горькийдің әдеби-мемориалдық музейінің 75 жылдығына арналған музейлер қауымдастығының отырыстары өтеді.

Ал, іскерлік кездесу мақсатында Татарстан музейлері мен Болгария Республикасының тарихи-архитектуралық музей-қорығы өткізетін шаралар және «Остров-град Свияжск» музейлерінің көрмелерін тамашалау жоспарланған.

Татарстан Мәдениет министрлігі атап өткендей, форумның тақырыбы музей саласындағы түрлі қызметкерлер үшін қызықты да пайдалы болмақ. Ең бастысы музейлердің дамуын жоспарлауға өз септігін тигізетін болады. 

 
3018 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper