Анонс


Ресей ғалымдары сармат дәуіріне жататын қорымды ашты

Бейсенбі, 13 Тамыз 2015 17:21
Ресей ғалымдары сармат дәуіріне жататын қорымды ашты KAZMUSEUM.KZ -  

Ресей Ғылым Академиясына қарасты Археология институтының қызметкерлері біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында жерленген ақсүйек сармат әйелінің қорымын тапты, деп хабарлайды институттың хабарламасына сілтеме жасаған N+1 басылымы.

Қорым Ростов облысындағы 29 обаның бірінен, жаңа әуежайдың құрылыс орнында табылды.

Ғалымдар тапқан заттардың арасында қарудың көп түрі: пышақтар, жасалып аяқталмаған қылыш,  100-ден астам садақ жебесі болған. Бұдан басқа алтын, қоладан жасалған көптеген әшекей бұйымдары, керек-жарақтар: айна, ағаш табақ, саптыаяқ, ат ер-тұрманының бөліктері табылды.

Сармат тайпалары біздің дәуірімізге дейін VI-IV ғасырларда шығыс Еуропа аумағын мекендеген. Олар көшпелі өмір сүріп, мал баққан. 

 

 
2304 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper