Анонс


Голливудта кино өнерінің тарихына арналған музей ашылады

Сейсенбі, 30 Маусым 2015 16:47
Голливудта кино өнерінің тарихына арналған музей ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

АҚШ-тың Лос-Анджелес қалалық кеңесі америкалық кинематография өнеріне арналған  музей салу жөнінде шешім қабылдады.

Сыртқы пішіні  паровоз бен дирижабльге ұқсайтын  ғимарат жобасын қарастыру кезінде музей жобасы қалалық кеңес мүшелері нен  қолдау тапқан.

Музейге арналған орын  әйгілі Лос-Анджелес округінің  (LACMA) өнер музейінің жанынан таңдалып алынды.

Жоба бойынша музей  6 этаждан және 1 мың орыннан тұратын сфералық театр залынан тұрады. Ғимараттың төбесінде парк болады.

Академия құрылыс жұмыстарына 1,3 мың еріктілерден 250 млн. доллар жинап үлгергенін де мәлімдеді.

Сонымен қатар,  Академия көптеген голливуд жұлдыздары мен актерлерінен ерікті түрде болашақ экспозиция үшін қолдарында бар құнды дүниелерді өткізулерін сұрап отыр. Әйгілі  актер және режиссер Леонардо Ди Каприо Академияға 1939 жылғы «Волшебник страны Оз» атты картинада киген сиқырлы аяқ киімін тапсырды.

Кино музейін салу жұмыстары алдағы күз айларында басталады. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін  мемлекеттен 300 млн. доллар бөлінген. Музей өз есігін 2017 жылы ашады деп болжауда.

Сонымен қатар «Оскар» сыйлығының құрылтайшылары   болашақ  музейдің  басшысын да тағайындап үлгерді.  Музей басшысы лауазымына Керри Бругер тағайындалды.  Ол осы ғимараттың жобасын жасаушылардың ең басты кеңесшісі болып табылады.

 

Алтын ЗАЙНУЛЛИНА

 

 

 

 

 

 

 
2585 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper