Анонс


Бакуде І Еуропа ойындарына арналған музей ашылады

Сәрсенбі, 17 Маусым 2015 19:20
Бакуде І Еуропа ойындарына арналған музей ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

Бакудің Олимпиада стадионындаІ Еуропа ойындарына арналған мұражай ашылады. Бұл туралы Әзербайжан жастар және спорт министрі Азад Рагимов айтты деп хабарлады Trend.

«Музейге негізінен І Еуропа ойындарының ашылу салтанаты кезінде пайдаланылған бұйымдар мен киімдер қойылатын болады», деді министр.

Жалпы, Бакуде 20 спорттық жарыс түрлерінен сайыстар өткізіледі: оның 16-сы - олимпиадалық спорт ойындары болса, қалған 4-уі - олимпиадалық емес спорт түрлері. Еуропаның түкпір-түкпірінен жиналған 6 мыңнан астам спортшы 17 күн бойы өз елінің намысын қорғайтын болады.

Айта кетейік, 2012 жылғы желтоқсанда Еуропалық Олимпиада комитеті Бакуды Еуропалық ойындарды өткізуге лайық деп таныған болатын.

 
2563 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper